Қазақстанда 1000-нан аса математик жетіспейді – Жұлдыз Сүлейменова

Жалпы педагог тапшылығының жартысынан көбі ауылдарға тиесілі болып отыр.

Қазақстанда 1000-нан аса математик жетіспейді – Жұлдыз Сүлейменова Фото: Мәжіліс

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Егемен Қазақстан" газетіне жарияланған мақаласында айтып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас ұстаз "Сапалы білім қоғамды алға жетелейді" атты мақалада еліміздегі білім саласының жай-жапсарына толық тоқталған. Сөз арасында педагог тапшылығы туралы да айтады. 

Сүлейменованың сөзінше, Қазақстанда 630-дан аса орыс тілі және әдебиеті пәні мұғаліміне тапшылық бар. 

– Бүгінде педагогтерге жалпы қажеттілік 5 мың 413-ті құрайды, оның ішінде 2506 немесе 54% мұғалім ауыл мектептеріне жетіспейді. Осы күні білім саласында математика (1069) бастауыш сыныптары (751), орыс тілі және әдебиеті (635), физика (382), химия (340) пәндерінің мұғалімдеріне деген қажеттілік бар. Оқу-ағарту министрлігінің алдында тұрған реформаларда енді осы мәселеге екпін салынатын болады, – дейді министр. 

Айта кетейік, мұғалімдердің еңбек демалыстары 45 күннен 56 күнге ұзартылған еді. Сондай-ақ, Президенттің қолдауымен 5 ұстаз "Қазақстанның Еңбек Ері", 95 ұстаз "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағына ие болды.

Бұған дейін мұғалімдердің іссапар шығындары қалай өтелетіні белгілі болды. 

Бірер күн бұрын "Енді мектеп директорлары 7 жылдан аса басшылық қызметте отыра алады" деген тақырыпта да материал жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу