Қазақстанда 13,8 млн тонна мал азығы дайындалды

374

2025 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын 2025-2026 жылғы қыста қорада ұстау кезеңіне дайындау мақсатында 13,8 млн тонна шөп дайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 13,8 млн тонна мал азығы дайындалды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл жоспарланған көлемнің 53,8%-ын құрайды. Сонымен қатар, 1 млн тоннадан астам сүрлем дайындалып, бұл жоспардың 59,9%-ына жетті.

Республикалық жоспарға сәйкес, алдағы қысқы-қора маусымына 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем, 4,6 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна силос дайындау қажет.

2025 жылы мал азығына арналған дақылдар егілген алқаптың жалпы көлемі 3,3 млн гектарды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,9 мың гектарға артық.

"Қазіргі дайындық қарқыны ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықтандыруға, мал шаруашылығы өніміне белгіленген жоспарлы көрсеткіштерді орындауға және қыста мал басын сақтап қалуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның салалық құрылымдарының тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу