Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

231

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Оның ішінде: 25,0 млн тоннасы шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы құрама жем (71,7%), 2,0 млн тоннасы сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы сабан (101,7%).

Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау және Жетісу өңірлері ең жоғары нәтиже көрсеткен.  

Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын қолайлы өткізуге және мал шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін қажетті қор жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу