Қазақстанда футбол менеджерлері білім алады

1144

Астанада UEFA Assist және UEFA Academy бағдарламалары аясында футбол менеджерлеріне арналған UEFA CFM (Certificate in Football Managment) білім беру курсы басталды.

Қазақстанда футбол менеджерлері білім алады

Білім беру бағдарламасына еліміздегі аймақтық футбол федерацияларының, футзал қауымдастығының және футбол клубтарының өкілдері, сонымен қатар Германия, Әзербайжан, Уэльс, Ирландия, Түркия футбол қауымдастықтарының мамандары қатысып жатыр. Курс спикерлері УЕФА-ның жетекші сарапшылары, сонымен қатар Лозанна (Швейцария), Глазго (Шотландия), Боккони (Италия), Пуатье (Франция), Биркбек (Лондон, Англия) университеттерінің ұстаздары.

UEFA CFM курсы алты модульден тұрады, футбол клубтары мен қауымдастықтарының барлық басқару саласын қамтиды: қаржы, маркетинг, коммуникация, операциялық менеджмент, адами ресурс, стратегиялық даму. Курс тоғыз ай және 350 сағаттан тұрады.

Бұл бағдарлама Қазақстан футбол федерациясының 2034 жылға дейінгі футболды дамыту стратегиясына сәйкес футбол мамандарының біліктілігін арттыру туралы білім беру жобаларын жүзеге асырудың басты кезеңдерінің бірі саналады. Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Орталық Азия елдеріне арналған UEFA STEP білім беру семинарын ұйымдастырған болатын. Сол семинарға ҚР аймақтық футбол федерациялары мен футбол клубтарының жетекшілері де қатысты.

Футболды дамытудың барлық бағыты бойынша УЕФА-мен тығыз ынтымақтастық Қазақстан футбол федерациясына артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу