Қазақстанда ислам елдерінің ауыл шаруашылығына арналған Гендік банк құрылады

166

Бүл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Қазақстанда ислам елдерінің ауыл шаруашылығына арналған Гендік банк құрылады Фото: ЖИ

Қазақстан мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) мүше мемлекеттердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев АҚИҰ Бас директоры Берік Арынмен кездесті. Тараптар Ұйымға мүше мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың өзекті мәселелерін қарастырды.

Кездесу барысында Арман Исағалиев Қазақстанның АҚИҰ-ны құрудың бастамашысы әрі қазіргі төрағасы ретінде Ұйымның әлеуетін толық іске асыруға және оның халықаралық беделін арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Берік Арын бірқатар мақсатты жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Солардың бірі – Қазақстан аумағында Ұйымға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығындағы биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған Гендік банк құру жобасы.

Кездесу қорытындысында тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы кеңістігіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу