Қазақстанда қандай азық-түлік импортқа тәуелді?

5942

Биыл отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта құс етіне сұранысты 71,4%-ға, ал ірімшік пен сүзбеге сұранысты 54,2%-ға қамтамасыз еткен. 

Қазақстанда қандай азық-түлік импортқа тәуелді?

Елімізде қант, құс еті, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері импортқа тәуелді тауарлар, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда балық аулау және оны мұздату өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 23,1%-ға төмендеген, яғни 17,4 мың тонна балық аз өндірілген.
Дайындалған немесе консервіленген балықты өзге тәсілмен өндіру, уылдырық және оны алмастырғыштарды шығару бір жылда 12,4%-ға төмендеп, 6,8 мың тоннаға азайған.

Шұжық өнімдерін өндіру саласы  0,1% өсіп, яғни 23,7 мың тоннаға артқан.
Сонымен қатар құс етін өндіру және оны мұздату да оң серпінге ие: бір 0,8%-ға немесе 44 мың тоннаға жеткен.

Биыл 5 айда ірімшік пен сүзбе өндіру 14,9 мың тоннаға дейін өскен: өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға артық. Қант өндірісі бірден 4,3 есеге артып, 113,8 мың тонна болған. 

2019 жылы "коронадағдарысқа" дейін жоғарыда аталған азық-түлік өнімдері импортқа тәуелді болып саналған.
Primeminister.kz мәліметінше, сол уақытта азық-түлік тауарларының 29 түрінің 23-ін отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан асқан, ал кейбір түрлері бойынша 100% болды.

Қалған 6 тауар: балық (60,8%), шұжық өнімдері (62,0%), ірімшік пен сүзбе (57,0%), қант (46,6%), құс еті (58,3%), алма (62,9%) импортқа тәуелді болған.

Сарапшылар дағдарысқа дейінгі кезеңде тапшылық байқалған тауарларды ішкі өндіріспен қамтамасыз ету көрсеткіштерін осы жылмен салыстырған. 
2021 жылғы қаңтар-сәуірде отандық компаниялар қантқа сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 42,2%-ға қамтамасыз еткен. Қант өндірісі бір жылда (өткен жылмен салыстырғанда) 4,7 есе өскен: 65,7 мың тонна (2020 жылғы саладағы өсім – 7,5%).

Шұжық пен еттен дайындалатын осыған ұқсас өнімдерге сұранысты қамтамасыз ету деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 58,9%-ға төмендеген (2020 жылғы көрсеткіш – 63,3%). 

2021 жылғы 4 айда сектордағы өндіріс өткен жылғы деңгейде қалған: импорт 20,4%-ға өскен немесе 13,1 мың тонна өнім болған. 

Құс етін өндіру (мұнда жергілікті өндірушілер сұранысты 71,4%-ға қамтамасыз еткен), балық, шаян тәрізділер мен ұлулар (53%), ірімшік пен сүзбе (54,2%) салалары оң нәтиже көрсеткен.

Биыл қаңтар-сәуірде тауар санаттарының ішінде жылдық динамикада тек құс импорты 0,5%-ға азайған. Балық импорты 0,7%-ға, ірімшік пен сүзбе 5,8%-ға өскен.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 795 мың тонна көлемінде әртүрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна.

Тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп уақытқа, ал ұзақ мерзімге сақталатын өнімдердің қоры бірнеше айға жетеді.

Министрлік азық-түлік өндірісі көлемі артып келе жатқанын, оның қоры үнемі толықтырылып отыратынын, сондықтан аталған өнімдер бойынша тапшылық болмайтынын айтады.

Дәурен Ерболат
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу