Қазақстанда карантин талаптары жеңілдетілді

1721

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда карантин талаптары жеңілдетілді Фото: Максим Морозов

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады. 

1. Осы жылдың 28 тамызынан бастап  рұқсат беріледі:

- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес нысандардың демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары – "ASHYQ" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; 

- сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.

 Сонымен қатар осы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:
 "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес нысандардың жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. 

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары осы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмаларды берді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;

- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "ASHYQ" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу