Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешені салынады

741

Fabe Polska компаниясы алдағы бес жыл ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 137 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды көздейді.    

Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешені салынады Фото: gov.kz

Келісім аясында Шымкентте жылына 38 мың тонна қызанақ өндіретін заманауи жылыжай кешенін салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Fabe Polska компаниясының басқарма төрағасы Фатих Будан жылыжай саласын дамытуға бағытталған ірі жобаны іске асыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды.

Кездесу барысында Айдарбек Сапаров жобаның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

"Мемлекет басшысы инвестиция тарту мәселелеріне, оның ішінде аграрлық секторға ерекше назар аударып келеді. Аталған жобаның іске асырылуы импортты алмастыруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Қазақстанда заманауи жылыжай технологияларын енгізуге барлық жағдай жасалған: қолайлы инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау және сапалы өнімге деген жоғары сұраныс ауқымды өндірісті дамытуға берік негіз қалыптастырады.

Министрлік жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде – құрылыстан бастап толық қуатқа шыққанға дейін – жан-жақты қолдау көрсетуге дайын", – деді министр.

Өз кезегінде Фатих Будан жобаны іске асыру барысында заманауи агротехнологиялар, энергияны үнемдеуге бағытталған шаралар және өндірістік процестерді басқарудың тұрақты даму жөніндегі халықаралық стандарттарға сай жүйелер қолданылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, жоба өндірістік тиімділікті арттырып, нарықты сапалы өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу