Қазақстанда қытайлық инвестициямен 50 мың жұмыс орны ашылды

170

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Орталық Азия – Қытай" екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеп, екі арадағы инвестициялық байланыстардың беталысына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда қытайлық инвестициямен 50 мың жұмыс орны ашылды Фото: canva

Оның айтуынша, Қытай – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің басты сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

Былтыр Қытай мен Орталық Азия елдерінің өзара сауда көлемі 95 миллиард долларға жетіп, соның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі болды.

Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы тарихи рекорд – 44 миллиард долларды құрады.

Роман Скляр аймақта қытай капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компания жұмыс істейтінін айтты.

– Қазақстанда ғана Қытай инвесторларының қатысуымен жалпы құны 66 миллиард доллардан асатын 224 жоба жүзеге асырылып, 50 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, – деді вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу