Қазақстанда несиеге сұраныс төмендеді

546

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді.    

Қазақстанда несиеге сұраныс төмендеді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қауымдастық таратқан ресми мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы жартысында банктер жалпы сомасы 20,4 трлн теңге жаңа несие берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар 2026 жылдың Қазақстан банктері жеке тұлғаларға беретін несиесін азайтып, бизнеске берілетін қарыз көлемін арттырды. Тұтынушылық несиеге сұраныс кейінгі жылдардағы ең төменгі деңгейге түсіп, проблемалық несиелердің үлесі өсіп отыр.

Несиелеу көлемінің барлық өсімі бизнеске берілген қарыз есебінен қамтамасыз етілген. Бұл сегменттегі несие көлемі 20,7% артқан. Нәтижесінде бизнес несиелерінің жалпы құрылымдағы үлесі 55,9%-ға жетті. Ең көп өсім орта бизнеске берілген несиелерде байқалды. Оның көлемі бір жылда бірден 56,2%-ға артқан.

Қарапайым халық несие алуды азайтты. Бұл сегменттегі несие беру көлемі 3,6% төмендеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, бөлшек несиелеудің төмендеуіне тұтынушылық несиелердің 6,5%-ға қысқаруы әсер еткен. Бұл нақты табыстың баяу өсуі жағдайында тұтынушылық сұраныстың әлсірегенін көрсетеді. Бұған қоса, макропруденциялық реттеудің қатаюы мен жоғары мөлшерлемелер де әсер етіп отыр.

Қазақстанда алғаш рет бірнеше жылдан кейін бірегей қарыз алушылар саны да азайған. Олардың саны 32 мың адамға қысқарды.

Бизнесті несиелеуге басымдық беру отандық екінші деңгейлі банктердің табысын арттырған жоқ. Бірінші жартыжылдықта олардың таза пайыздық маржасы 6,78%-дан 6,44%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу