Қазақстанда созылмалы ауруларды ерте анықтауға арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуі мүмкін

258

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Қазақстанда созылмалы ауруларды ерте анықтауға арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуі мүмкін Фото: kaz.inform.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен халықаралық медициналық технологиялар компаниясы Carna Health Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандум денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект негізіндегі заманауи технологияларды енгізу және цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған.

Carna Health компаниясы созылмалы аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтауға арналған платформалық шешім әзірлеген. Платформа CKM (Cardiovascular–Kidney–Metabolic) тұжырымдамасына негізделіп, пациенттердің денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауға, қауіп деңгейін бағалауға және жалпы практика дәрігерлеріне дербестендірілген клиникалық ұсынымдар ұсынуға мүмкіндік береді.

Компанияның мәліметінше, бұл шешім дәрігерлердің жұмыс жүктемесін 30 пайызға дейін азайтып, созылмалы бүйрек ауруларын емдеуге кететін шығындарды қысқартуға және диализ терапиясының көміртек ізін төмендетуге ықпал етеді.

Бүгінде Carna Health технологиялары әлемнің 35-тен астам елінде қолданылып, 70 мыңнан астам адамды қамтып отыр. Компания денсаулық сақтау саласындағы жетекші халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатқан.

– Қол қойылған меморандум платформаны бірнеше медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында пилоттық апробациядан өткізуді, созылмалы аурулары бар науқастарды есепке алу мен қадағалап-қарау үдерістерін цифрландыруды, сондай-ақ ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыруды қоса алғанда бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттарын айқындайды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу