Қазақстанда тағы бір орталық жүрек ауыстыру отасын енді өз бетінше жасай алады

105

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Қазақстанда тағы бір орталық жүрек ауыстыру отасын енді өз бетінше жасай алады   Фото: yusupovs.com

Алматы кардиологиялық орталығы ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен "University Medical Center" (UMC) корпоративтік қоры бірлесіп қабылдаған.

Осылайша, Алматы кардиоорталығы UMC орталығынан кейін Қазақстанда жүрек трансплантациясын өз бетінше жасау құқығына ие болған екінші медициналық ұйым атанды.

Мекемеде жоғары күрделі отаны орындауға қажетті барлық жағдай жасалған: жоғары білікті кардиохирургтар, анестезиологтар мен реаниматологтар жұмыс істейді. Сонымен қатар заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізіліп, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдық орнатылған.

— Қалалық кардиологиялық орталықтың трансплантациялық орталықтар тізіміне енгізілуі — отандық кардиохирургияның дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл Алматы тұрғындарының жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады және оның сапасын жаңа деңгейге көтереді, — делінген басқарма таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу