banner

Қазақстанда төтенше жағдай режиміне "форс-мажор" деген заңдық баға берілді

10234

Ресми уәкіл Рустам Жүрсінов заң  кешігіп қабылданды деп ойлайды.

Қазақстанда төтенше жағдай режиміне "форс-мажор" деген заңдық баға берілді

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бизнеске қатысты жаңа заң қабылданғаны туралы ақпаратпен бөлісті. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында төтенше жағдай режимін заңнамалық тұрғыда "форс-мажор" деп таныған құжат кешігіп қабылданды деген ойы айтты

"Қазақстанда төтенше жағдай ресми түрде форс-мажор деп танылды. Өткен жұмада Президент төтенше жағдайды ырық бермейтін жағдайға жатқызатын заңға қол қойды. Заңның толық атауы өте ұзақ  "Қазақстан Республикасының шетелдік валютадағы ипотекалық қарыздар жөніндегі төлем қызметі нарығының нысандарын реттеуді жетілдіру, экономикалық өсімді қалпына келтіру және жалпыға бірдей декларациялау туралы кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы" деп аталады. Осы заңға сәйкес, Азаматтық кодекстің 359-бабының бірінші тармағы "төтенше жағдай" деген сөзбен толықты", – деп жазды ол.

Уәкілдің айтуынша, заң мәтініне "Кәсіпкерлікпен шұғылданған тұлға міндетін орындамаса немесе қажетті деңгейде орындамаса және ол міндетті орындау ырық бермейтін күштің әсерінен мүмкін болмағанын дәлелдемесе, яғни, төтенше және бетін қайтару мүмкін емес жағдайға (табиғи апат, әскери қақтығыс, төтенше жағдай)  түспесе,  мүлік жауапкершілігін арқалайды. Мұндай жағдайға нарықта міндетті орындауға қажет тауардың немесе қызметтің болмауы жатпайды", – деген жолдан кірген.  

"Әрине төтенше жағдайды форс-мажорға жатқызу уақытында іске асқан жоқ. Төтенше жағдай режимі 2 бұрын аяқталған болатын. Ал заңға енді ғана қол қойылып отыр. Төтенше жағдайдың ырық бермейтін жағдай екені жалпыға мәлім даусыз мәселе. Бірақ контрагенттермен, банкпен немесе мемлекеттік тапсырыс берушімен  нәтижелі келіссөздер жүргізу үшін форс-мажор жағдайдың орын алғаны туралы ресми дәлел керек. Осы жерде мына мәселеге назар аударған маңызды. Ырық бермейтін ахуалдың орын алуы тараптарды міндеттемені орындаудан (тауар жеткізу, қызмет көрсету, арендалық төлем аудару жәнет.б.)  босатпайды. Тараптар тек міндетті орындау мерзімін ақылға қонымды уақытқа шегере алады және уақтылы орындамағаны үшін салынатын айыппұлды босатылауы мүмкін", – дейді "Атамекен" өкілі.

Рустам Жүрсінов елде енгізілген екі апталық локдаун режимі де бизнеске  форс-мажор жағдайымен бірдейәсер етіп жатқанын айтады.

"Менің ойымша, қабылданған заңда маңызды бір тетік бар. Форс-мажор жағдайға тек төтенше жағдай ғана жатқызылды. Ал кәсіпкерліктің көптеген түрі әлі тыйым астында немесе шектеумен жұмыс істеп жатыр. Елде енгізілген 2 апталық локдаунның төтенше жағдайдан айырмашылығы жоқ. Иә, төтенше жағдайға қарағанда либералды режим, блокпостар жоқ. Бірақ одан болып шектеудің мәні өзгермейді. Кинотеатрлар жұмыс істемейді, той-бизнеске тыйым салынған, білім беру орталықтары тағы да жабылып қалды.  Сондықтан біз бұрынғыдай форс-мажор жағдай туындағаны туралы анықтаманың оңайлатылған жолмен беруді жалғастырамыз. Төтенше жағдай енгізілен кезден бастап "Атамекен" ҰКП-ның Сыртқы сауда палатасы ырық бермейтін ахуал туындағанын куәландыру шарасын күшейтілген режимде ұйымдастырып келеді. Кәсіпкерлердің өтінімдерін сараптау уақытын 15 күннен 5 күнге дейін қысқарттық. Қашықтан жұмысқа көшіп, құжаттардың бәрін электронды нұсқада қабылдап жатырмыз. 16 наурыздан бүгінге дейін форс-мажор жағдай туралы 4800-ден астам анықтама бердік", – деген уәкіл сол арыздардың мазмұнынан тоқталған. 

Айтуынша, кәсіпкерлерден түскен арыздың 31 %-ы жылжымайтын мүлік арендасына, 16 %-ы азаматтық-құқықтық келсімдердің бұзылуына, 12 %-ы тауар жеткізуге, 8 %-ы мемлекеттік тапсырысқа, 7 %-ы туризм саласына, 6 %-ы екінші деңгейлі банктердің несиесіне, 5 %-ы сыртқы экономикалық келісімшарттарға, 3 пайызы білім беру қызметіне, 2 %-ы "ҚазАгро" жүйесінің қаржы институттарына, тағы 2 %-ы қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты болған.

"Осы арыздардың құрылымы-ақ экономикадағы дағдарыс трендін көрсетіп тұр. Кәсіпкерлерден форс-мажор жағдайы туралы анықтама сұраған өтініштер әлі түсіп жатыр. Қарқыны бәсеңдегенімен, бизнес әлі стресте. Елде жарияланған локдаун қанша қажет дегенімізбен, жағдайды ушықытырп барады. Төтенше жағдай кезіндегідей бұл жолы да бизнес әлеміндегі барлық жаңалықтармен сіздерді құлақтандырып отырамын", деп түйіндейді Рустам Жүрсінов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу