Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жасады. 

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен Президент тағайындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Вице-президенттің өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты осы негізгі ережелерді Конституция мәтінінде де көрсеткен жөн, – деп нақтылай түсті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын көршілермен келісіп шешу қажеттігін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу