Қазақстанда жылдық инфляция баяулады

428

Өткен айда азық-түлік бағасы айлық мәнде 0,1%-ға арзандады.  

Қазақстанда жылдық инфляция баяулады Фото: alash.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жылдық инфляция баяулағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастырып жатыр.

"Қабылданған шаралардың әсерінен инфляция біртіндеп баяулауды жалғастыруда. Жылдық инфляция биылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады.  Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарларына баға өсу қарқынының төмендеуі ықпал етті. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді", – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы аясында биылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өскен.

Айта кету керек, бұған дейін биылғы тоғыз айда бюджетке 19,3 трлн теңге салық түскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу