Қазақстанды қай елдер азық-түлікпен қамтып отыр?

Еліміз жылына 4 млрд долларға азық-түлік импорттайды, еттің басым бөлігін АҚШ-тан сатып алады. 

Қазақстанды қай елдер азық-түлікпен қамтып отыр?

Шетелден сатып алынатын азық-түлік өнімдерінің көлемі 5 жыл қатарынан өсіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірінші кредиттік бюроның сараптама орталығының зерттеуіне сүйенсек, сатып алу мен сату арасындағы алшақтық артуда. Өкініштісі, Қазақстанның пайдасына емес.

Ет және ет өнімдеріне тоқталсақ

Ет импортының деңгейі былтыр 2%-ға немесе 5,3 млн долларға төмендеген. Осылайша, бұл мақсатта 255,2 млн доллар жұмсалған.

Бірақ экспорт деңгейі өсуде, өткен жылы шетелдік жеткізілімдерден 77,7 млн доллар ​​түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 36%-ға, ал 4 жыл бұрынғыдан 4,3 есе көп.

Алайда дәл осы деректер Қазақстанның таза импорттаушы екенін көрсетеді. Себебі еліміз ет сатып алуға шетелге сатудан түскен ақшадан 3,3 есе көп қаржыа жұмсаған.

Бірақ ет өнімдеріне қатысты жағдай одан да қиын. Жыл өткен сайын өнімдердің импорты артып келеді. Соңғы 5 жылда бұл тауарды шетелден сатып алуға жұмсалған шығындар 2021 жылы 2,6 есе өсіп, 156,3 млн долларға жетті.

2021 жылы импортталған еттің үштен екісі құс етіне тиесілі. Бір жыл ішінде Қазақстанға жалпы сомасы 167,2 млн долларға (+1,2%) 168,5 мың тонна тауық, күркетауық және т.б. импортталды.

Тағы 66,8 млн доллар ірі қара мал етін сатып алуға жұмсалды, бұл соңғы 3 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Сонымен қатар Қазақстан шетелден шошқа етін көбірек сатып алуда (2 жыл ішінде импорт 5,2 есеге өсті). Өткен жылы транзакциялар көлемі 15,8 млн долларды, ал импорттың көлемі 6,5 мың тоннаны құрады.

Ет өнімдеріне келетін болсақ, импорттың барлығы дерлік екі позициямен ұсынылған. Біріншісі – шұжық және соған ұқсас өнімдер. Өткен жылдың өзінде ғана импорттық өнімнің жалпы құны 38,2%-ға өсіп, 109,4 млн долларды құрады.

Импорттың тағы бір маңызды түрі – дайын немесе консервіленген ет өнімдері. 2021 жылы мұндай өнімдердің құны 39,5 млн долларды құрады, бұл кем дегенде 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Бір қызығы, Қазақстанға еттің (ет өнімдерін қоспағанда) негізгі жеткізуші ЕАЭО елдері емес, тіпті шекаралас мемлекеттер де емес.

Қазақстан еттің басым бөлігін АҚШ-тан сатып алады. Былтыр транзакциялардың жалпы көлемі 81,8 млн долларды құрады. Алайда бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға аз.

Екінші орында Ресей тұр, оның импорты өткен жылы 69,4 млн долларды құрап, бір жылда 14,2%-ға өсті.

Үшінші орында Беларусь (61,4 млн доллар, -11,9%).

Тағы бір негізгі жеткізуші – Украина (-32,5 млн доллар), жылдық өсіммен 10,5%.

Орталық Азияда Қазақстанға ет сататын жалғыз ел – Қырғызстан. Дегенмен, оның көлемі мардымсыз. Яғни бір жыл ішінде импорттық өнімнің жалпы құны шамамен 800 долларды құрады.

Қазақстан азық-түлік сатып алуға экспорттан түскен ақшадан 2,7 есе көп жұмсайды

Мәселен:

• 2021 жылы азық-түлік тауарларының импорты бір жыл ішінде 16,4%-ға өсіп, 4 млрд доллардан асты, бұл ел бір тұрғынына шаққанда 211 долларды құрайды;

• Экспорт 1,47 млрд доллар әкелді, 2020 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға төмендеді. Жан басына шаққанда 77,5 доллардан келеді.

Шетелден сатып алынатын азық-түлік өнімдерінің көлемі 5 жыл қатарынан өсіп, 1,5 есе немесе 1,33 млрд долларға артты. Осы кезеңде экспорт 39,3%-ға немесе 415,7 млн долларға ұлғайған.

Яғни сатып алу мен сату арасындағы алшақтық мұндада айқын.

Қорыта келе...

Қазақстан шетелге өсімдік майын белсенді түрде сатады, бірақ импортқа одан да көп ақша жұмсайды.

Темекі өнімдерінде де жағдай ұқсас. Ал макарон өнімдерінің импортына экспортынан түсетін кірістің 70%-ы жұмсалады.

Ірі позициялар бойынша Қазақстан ұнды ғана экспорттаушы болып табылады. Бірақ ұн өнімдерін сатып алуға жылына 200 млн доллар жұмсайды.

Яғни республика шикізатты сыртқа сатуға дайын, бірақ ішкі нарықты одан жасалған өніммен қамтамасыз ете алмай келеді.

Доллар бағамы өскен сайын азық-түліктің қымбаттайтыны осыдан екені анық.

Санкция "салқыны"

Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер арасында Ресей ең ірі импорттаушылардың үштігіне кіреді. Ол Қазақстанға импорттық ет өнімдерінің төрттен бірін (мұнда көшбасшы АҚШ) сүттің үштен бір бөлігін (көшбасшы Беларусь), шайдың бестен бір бөлігін (көшбасшылар – Кения және Үндістан) қант және кондитерлік өнімдердің 61-62%-ын, өсімдік майлары мен шоколадтың төрттен үш бөлігі дерлігін қамтамасыз етеді.

Бірақ Ресейге енгізген санкциялар аясында Қазақстан жаңа транзиттік бағыттар мен балама сауда серіктестерін іздеуде. Мысалы, тауарларының 40%-ға жуығын Ресей арқылы басқа елдерден әкелінетін Қазақстандағы ең ірі азық-түлік сатушысы Magnum жеткізілімдерді РФ-ны айналып өту арқылы ұйымдастырып жатқанын хабарлаған.

Басқа сауда желілері Украина және Ресеймен шектесетін аумақтарды кесіп өтуде қиындықтар туындаса, Түркия, Грузия, Әзірбайжан сияқты оңтүстік елдер арқылы мультимодальды тасымалдау, яғни көлік және теңіз жолдары арқылы бағыттарды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу