Ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс 3-6 қыркүйек аралығында Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтеді.
Құрама сапына Саида Елемес, Ярослав Губарев, Тимофей Лебедев, Руслан Максимов және Дарина Сысоева енді.
Чемпионат бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық жарыстар, 3 шақырымдық нокаут-спринт және аралас эстафеталар кіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу