Қазақстандық аралас жұп WTT Contender Almaty турнирінің ширек финалында сүрінді

Олар 1/4 финалда Швецияның тәжірибелі өкілдері Кристиан Карлссон мен Кристина Кальбергке қарсы ойнады.  

Қазақстандық аралас жұп WTT Contender Almaty турнирінің ширек финалында сүрінді Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен халықаралық турнирде Алан Құрманғалиев пен Дарья Фу аралас жұптық сында ширек финалға дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу швед спортшыларының пайдасына аяқталып, Құрманғалиев пен Фу 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, қазақстандық дуэт аралас жұптық разрядтағы жарысын ширек финал кезеңінде аяқтап отыр.

Жаза кетейік, WTT Contender Almaty – World Table Tennis (WTT) жүйесіндегі халықаралық турнирлердің бірі. Биылғы бәсеке Алматыда 1-6 қыркүйек аралығында бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Турнирдің жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары.

Биылғы додаға әлемнің 20-ға жуық елінен 120-дан астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Германия, Үндістан, Испания, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Швеция, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан құрамалары бар.

Жарыс Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында өтіп жатыр. WTT Contender Almaty 2026 турнирінің шешуші кездесулері 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу