Қазақстандық әртістік жүзу шеберлері Азия ойындарында қола медаль алды

156

 Қазақстан құрамасы 216,7961 ұпай жинады.  

Қазақстандық әртістік жүзу шеберлері Азия ойындарында қола медаль алды Фото: olympic.kz

Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аралас командалар арасындағы сайыста қазақстандықтар 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен алтын, Жапония 286,2688 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу