Қазақстандық әртістік жүзушілер әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

214

Қазақстан құрамасы Будапешттегі әлем чемпионатында екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды.  

Қазақстандық әртістік жүзушілер әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі күміс және екі қола медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде төртінші орынға ие болды.

Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль иеленді. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада да күміс жүлдеге қол жеткізді.

Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі рет қола медаль жеңіп алды.

Медальдар кестесінде Ресей құрамасы тоғыз алтын және бір қола медальмен бірінші орын алды. Испания екі алтын, төрт күміс және төрт қола медальмен екінші орынға жайғасты. Қытай бес күміс және екі қола медальмен үшінші орын иеленді.

Қазақстан төрт медальмен төртінші орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу