Қазақстандық атлеттер әлем чемпионатында 2 рекорд жаңартты

158

Анна Черкашина мен Максим Сажнев финалға өтті.  

Қазақстандық атлеттер әлем чемпионатында 2 рекорд жаңартты Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері екі ұлттық рекорд жаңартып, екі финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сырықпен секіруден сынға түскен Анна Черкашина іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтижесін көрсетіп, U20 санатындағы Қазақстан рекордын жаңартты. Финалда да осы нәтижесін қайталап, 11-орынға ие болды.

Диск лақтырудан өнер көрсеткен Максим Сажнев іріктеу кезеңінде 61,37 метрге лақтырып, U20 санатындағы ұлттық рекордты жаңартқанын жазған едік. Финалда 59,85 метр нәтиже көрсетіп, 11-орынмен аяқтады.

Қазақстан құрамасының өзге өкілдері мынадай нәтиже көрсетті:

  • Шерхан Егізбай – 38-орын;
  • Егор Струков – 36-орын;
  • Глеб Гладилов – 31-орын;
  • Кирилл Савченко – 54-орын;
  • Богдан Гончаров – 37-орын;
  • Маргарита Стороженко – 25-орын;
  • Антонина Чернышова – 58-орын;
  • Алина Головина – 45-орын;
  • Софья Киденко – 51-орын.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу