Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 304 келіні (142+162) бағындырды. Осы нәтиже оған әлем чемпионатының қола жүлдесін сыйлады.
Бұл салмақта чемпиондық атақты мысырлық Мохамед Абдельради жеңіп алды. Ол 318 келіні (143+175) көтеріп, алтын медаль еншіледі. Ал күміс жүлде 305 келі (137+168) нәтижемен ливиялық Абдулрауф Халифаға бұйырды.
Осылайша, Ернұр Мырзахмет ел қоржынына қола медаль сыйлады.