Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль иеленді

377

 Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олжаланды. 

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль иеленді Фото: ҰОК

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу