Отандық балмұздаққа сұраныс өсіп келеді

528

2025 жылдың алғашқы 4 айында елге 3 мың тонна балмұздақ импортталды. 

Отандық балмұздаққа сұраныс өсіп келеді Фото: РИА Новости

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бюро мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы 4 айында елге 3 мың тонна балмұздақ импортталды. Сырттан жеткізілетін өнім нарықтың 15,4%-ын құраған. Балмұздақ ең көп Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1 мың тонна) және Түркиядан (0,3 мың тонна) әкелінді.

Сонымен қатар, Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен де жеткізу тіркелді.

Аталған кезеңде балмұздақ экспорты 41,6%-ға өсіп, 4,3 мың тоннаға жетті. Қазақстандық балмұздақ негізінен ТМД елдеріне және Қытайға жөнелтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу