Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен алғашқы жүлдесін жеңіп алды.
Мерей Мәулетханов ұлттық команда қоржынына алғашқы медальді салды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Мерей Маулітхановтың 1/8 кездесуінде Болгариялық қарсыласына ұпай бермей 8:0 есебімен басым түсіп белдесуді уақытынан бұрын аяқтады.
1/4 кезеңінде қарсыласы Түркиялық балуан Ерен Улкугеде бал жібермей айқын басымдылықпен ұтқан болатын. Есеп 9:0.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен ұтты.