Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы жарыста алты медаль жеңіп алды.
79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл алтын медаль иеленді.
Ал Еламан Амангелді (57 кг), Мерей Базарбаев (61 кг), Мағжан Жаңырбай (86 кг), Нұрдәулет Бекенов (97 кг) және Әлімжан Сәлімжан (125 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу