Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

262

Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан құрамасы командалық есепте 3-орын алды.  

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды Фото: Total.kz

Вьетнамның Дананг қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтап, 8 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 4 күміс және 2 қола.

Алтын медаль иегерлері:
– Айбек Айтбеков (60 кг дейін)
– Ислам Евлоев (97 кг дейін)

Күміс жүлдегерлер:
– Нұрмұхаммед Ибрахим (72 кг дейін)
– Алихан Дурсунов (77 кг дейін)
– Ерасыл Жеңіс (87 кг дейін)
– Джохар Узаров (130 кг дейін)

Қола медаль иегерлері:
– Диас Нураков (63 кг дейін)
– Кирилл Минько (82 кг дейін)

Командалық есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, екінші орын Қырғызстанға бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу