Испанияның Мадрид қаласында өткен халықаралық Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 24 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еркін күрестен Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін) чемпион атанды. Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Акбар Курбанов (65 келіге дейін) және Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Жанболат Қабиден, Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін) және Наурыз Ахмедханов (86 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дәуітов (63 келіге дейін) алтын медаль еншіледі. Айбат Рахим (55 келіге дейін), Жанболат Сапарбек (60 келіге дейін), Досжан Өтепқалиев (63 келіге дейін), Дінмұхамед Омаров (72 келіге дейін) және Әлмір Төлебаев (82 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Омар Ахон (60 келіге дейін), Шыңғыс Қайрат (63 келіге дейін), Николай Хапко (72 келіге дейін), Расул Жүніс (77 келіге дейін), Санжар Сабитов (82 келіге дейін) және Аянбек Ибраев (97 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, қазақстандық балуандар Мадридтегі халықаралық додада 5 алтын, 9 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына жалпы 24 жүлде салды.