Екі қазақстандық дзюдошы Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды

166

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан Париждегі (Франция) Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Екі қазақстандық дзюдошы Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды Фото: canva

81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті тізе бүктірді.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринамен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде, отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін 3 қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Аман Бақытжан (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу