Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде тағы екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл жолы отандастарымыз U17 санатында топ жарды.
Марлен Тулеш 71 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Арыстан Темерғали 110 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Айта кетейік, бұған дейін U20 санатында Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) мен Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) алтын медаль иеленген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу