Қазақстандық балуандар Тиранадағы рейтингтік турнирде алтыннан алқа тақты

85

Албания астанасында өтіп жатқан рейтингтік турнирге 29 елден 177 спортшы қатысуда.

Қазақстандық балуандар Тиранадағы рейтингтік турнирде алтыннан алқа тақты Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы жарқын нәтижелерге қол жеткізді. Әйелдер және еркін күрес шеберлері ел қоржынына екі алтын және үш қола (ерлер арасында) медаль салды.

Әйелдер күресінен -50 келі салмақта белдескен Зейнеп Баянова турнир барысында жоғары деңгейін көрсетті. Ол іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын жеңіп, жартылай финалда үндістандық балуанды қапы қалдырды. Финалда Үндістан өкілі Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді түрде ұтып, алтын медаль иеленді.

55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова да тамаша өнер көрсетті. Алғашқы айналымда үндістандық қарсыласын, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвасты жеңген ол финалда украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізді. Нәтижесінде 3:2 есебімен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

Ерлер арасында еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде грекиялық Георгиос Куюмцидиске есе жіберді. Алайда қола медаль үшін белдесуде түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовті жеңіп, үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, 92 келі салмақта Азамат Дәулетбеков пен 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан ел намысын абыроймен қорғады. Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде үндістандық Джойнти Кумарды небәрі 23 секундта 10:0 есебімен ұтып, айқын басымдықпен қола жүлде алды. Ал Дәулетбеков қола үшін өткен кездесуде та5ы бір қазақстандық балуан Камиль Куруглиевті 4:0 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу