Қазақстандық балуандар U15 Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

196

U15 санатындағы отандастарымыз құрлық біріншілігінде 4 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль еншіледі.  

Қазақстандық балуандар U15 Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды Фото: kazpravda.kz

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U15 және U20 жас санаттары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

U15 санатындағы жарыста қазақстандық балуандар 4 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.

Еркін күресте Мирас Абдыкарым (41 келіге дейін) чемпион атанды. Ал Бектөре Заманбек (44 келіге дейін), Әмір Серік (48 келіге дейін), Наиль Зейналов (68 келіге дейін) және Ерсұлтан Сүлеймен (75 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Дамир Салават (38 келіге дейін), Мадияр Абдыкарымов (52 келіге дейін), Бибарыс Түзелбаев (57 келіге дейін) және Зелимхан Цицкиев (85 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Роллан Ким (48 келіге дейін), Даниал Қанатбай (52 келіге дейін) және Ералы Мұратов (85 келіге дейін) алтын медаль иеленді. Айтуған Осман (57 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Берекет Исмагулов (38 келіге дейін), Райымбек Жақсылық (41 келіге дейін), Нұралы Амангелді (44 келіге дейін) және Руслан Бәкір (68 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Әйелдер күресінде Раян Жамсапқызы (46 келіге дейін), Джамиля Мехдиева (50 келіге дейін) және Эльнара Киримова (66 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 5 шілдеде аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу