Қазақстандық банктер мемлекеттің көмегінсіз де жұмыс істей алады – Мәдина Әбілқасымова

Банк жүйесінің 72%-ын құрайтын 10 банктің активтерін тексеру қорытындылары жарияланды.  

Қазақстандық банктер мемлекеттің көмегінсіз де жұмыс істей алады – Мәдина Әбілқасымова Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметінен

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресінде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Биыл біз алғаш рет еліміздің 10 ірі банкінде кезекті активтер сапасына шолу (Asset quality review) жүргіздік, бұл бүкіл банк жүйесінің 72%-ын құрайды. Оны 17 қазанда аяқтадық, алдын ала нәтижелер қолымызды. Біз провизиялардың қосымша қалыптасуын 2,3 пайыздық тармақ деңгейінде бағалаймыз.(...) Бұл жақсы нәтиже, экономиканы жоғары сапалы несиелеуді арттыруды жалғастыру үшін банктердің мүмкіндігі жеткілікті екенін көрсетеді", – деді Әбілқасымова.

Ол тексерулер нақты қай банктерде жүргізілгенін ашып айтпады. 

Бірақ агенттік басшысы күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан, биыл бизнеске қарыз беру қарқыны артқанын атап өтті. 

9 айда экономикаға кредиттер 14,1%-ға 21,1 трлн теңгеге дейін өсті, бизнеске кредиттер 5,2%-ға 8,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде ШОБ субъектілеріне кредиттер 6,8%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін өсті (активтер 10,9%-ға 41,7 трлн теңгеге дейін өсті).

"Жалпы алғанда, соңғы жылдары банктермен бірлесіп банк секторын қалыпқа келтіру және орнықтылығын арттыру және банктерді капиталдандыруды күшейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Тұрақты AQR енгізіліп,  стресс-тестілеу іске қосылды.
Макроэкономикалық ортаның нашарлауының барлық әлеуетті тәуекелдері 2023 жылғы наурызда аяқталатын стресс-тестілеу сценарийінде қамтылған", - деп атап өтті агенттік басшысы.

Дегенмен, несиелеу бойынша көрсеткіштердің өсуіне мемлекеттің қолдау шаралары ықпал еткен.

"Көрсеткіштерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелерді субсидиялау ықпал еткені сөзсіз. ШОБ туралы айтатын болсақ, олар мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық субсидиялар мен кепілдіктерді пайдаланады, ол ШОБ үшін өте маңызды қолдау құралы. "Қарапайым заттардың экономикасы" бизнес үшін жеңілдетілген мөлшерлемемен ұзақ мерзімді несие ресурстарын (5-7 жыл) беретін жалғыз бағдарлама. Жоба бойынша бірінші жартыжылдықта банктердің лимиттері таусылды, содан кейін біз өзгертулер енгіздік, лимиттерді ұлғайттық және мөлшерлемелерді көтердік, өйткені базалық мөлшерлеме өсті", – деп түсіндірді Әбілқасымова.

Еске сала кетсек, 2019 жылы қаржы реттеушісі банк активтерінің сапасына бірінші рет бағалау жүргізді, ал 2020 жылы Қазақстандағы коммерциялық банктер стресс-тестілеуден өтті. Бағалау нәтижелері бойынша Еуразиялық банк, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит және Нұрбанк 5 жылдық қадағалау жоспарын қабылдады, оларда жекелеген активтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар қарастырылған.

Айта кететіні, наурыз айында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, жыл сайынғы қадағалау процесіне AQR және қадағалау стресс-тестілеуін (SST) енгізуді аяқтады. Жобаға 4 банк қатысты. Агенттік банктер тізімін кеңейтуді жоспарлауда. 

Қазақстанның қаржы секторында 22 банк бар. 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться