Қазақстандық "Барыс" бүгін "Автомобилистпен" кездеседі

432

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен.

Қазақстандық "Барыс" бүгін "Автомобилистпен" кездеседі Фото: hcbarys.kz

Қазақстандық "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің "Автомобилист" (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Кездесу бүгін, 22 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 37-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде "Барыс" 52 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр.

Ал, "Автомобилист" 55 ойыннан кейін 66 ұпаймен 8-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу