Қазақстандық биатлоншылар 4 олимпиада лицензиясына қол жеткізді

162

Қысқы олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияда өтеді. 

Қазақстандық биатлоншылар 4 олимпиада лицензиясына қол жеткізді

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады. Аталған тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, төрт олимпиадалық жолдамаға ие болды.

Осылайша, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында ел намысын биатлон спортынан екі ер және екі әйел спортшы қорғайтын болады. Айта кету керек, берілген квоталар атаулы емес. Олимпиадаға нақты қатысатын спортшылардың есімін Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы алдағы уақытта анықтайды.

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсеке әлемнің үздік қысқы спорт шеберлерін бір алаңға жинайды. Бұл Олимпиада Италия тарихында төртінші рет өткізілетін қысқы ойындар болмақ. Жарыстардың бір бөлігі атақты Доломит Альпілерінде өтеді деп жоспарланған.

Белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Биатлоншылар одағы алынған квоталарды пайдалану ниетін ресми түрде растауы тиіс. Одан кейін Қазақстан құрамасының өтінімін ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық биатлоншылар одағы мен Халықаралық Олимпиадалық комитетке жолдап, Олимпиада-2026 ойындарына қатысатын спортшылардың нақты құрамын бекітеді.

Осылайша ел қоржынында қысқы олимпиада ойындарының 27 лицензиясы бар. Бұған дейін конькишілеріміз 12, шорт-трекшілеріміз 9 жолдама иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан спортшыларымыз 2 лицензия алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу