Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарына аттанды

329

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарына аттанды Фото: gov.kz

Қазақстанның үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің екінші тобы БҰҰ-ның "Бөлінуді бақылау күштері" (UNDOF) миссиясы құрамында қызмет өткеру үшін Голан жоталарына аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

69 әскери қызметші жан-жақты дайындықтан өтіп, жүктелген міндеттерді орындауға толық әзір. Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалап, патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.

Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысуы Қарулы күштердің жоғары даярлық деңгейін көрсетіп, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түседі. Бұл – әскери қызметшілер үшін үлкен жауапкершілік қана емес, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды миссия.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу