Бұл кештің басты жекпе-жегі – мексикалық супержұлдыз Сауль "Канело" Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) титулдық айқасы болмақ.
Онда Канелоның екінші орта салмақтағы IBF, WBC және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.
Андеркардта Қазақстан намысын кәсіпқой боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) қорғайды. Ол америкалық тәжірибелі қарсылас Джермейн Франклинмен (23-2, 15 КО) 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Иван Дычко соңғы рет шілде айында рингке шығып, америкалық Самуэль Кроссені (11-5-1, 7 КО) нокаутпен жеңген болатын. Ал ол 2023 жылы әлем чемпионы атанып, 2021 жылы күміс жүлдегер болған. Сонымен қатар, 2024 жылы Азия чемпионы, 2022 жылы күміс жүлде иегері атанды.
Бұл жолы қазақстандық боксшының жекпе-жегі әлем назарын өзіне аудартатын басты бокс кешінің аясында өтпек.