Қазақстандық боксшылар Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

1811

Еліміздің жас боксшылары жалпы есепте екі алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленді.

Қазақстандық боксшылар Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты Фото: zakon.kz

Қазақстандық боксшы Элина Базарова Ла Нусияда (Испания) өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта финалда германиялық Куцочриста Хрисовалантадан айласын асырды. Бұл жекпе-жекте Базарова қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша Элина Қазақстанға жастар арасындағы әлем чемпионатының "алтынын" әкелді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Нұрбек Мурсал жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. 67 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жекте Мурсал өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек 4:1 (29-28, 29-28, 28-29, 30-27, 29-28) есебімен Умматалиевтің жеңісімен аяқталды. Осылайша, 67 келіде Джавохир Умматалиев алтыннан алқа тақса, Нұрбек Мурсал жастар арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін күміс медальмен аяқтады.

Еліміздің тағы бір боксшы қызы Бақыт Сейдіш те Ла Нусияда (Испания) бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. 66 келіге дейінгі салмақта "алтын" үшін өткен тартыста Сейдіш неміс қызы Карлотта Шунеманмен кездесіп, төрешілердің шығарған шешімімен 4:0 есебімен (29-27, 28-28, 30-26, 29-27, 29-27) жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында төреші Шуенеманнан бір ұпайды шегерді. Осылайша Бақыт Сейдіш жастар арасында әлем чемпионы атанып, Ла Нусиядағы турнирде Қазақстан құрамасына екінші алтынды әкелді.

Ал 75 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов әлем чемпионатының "алтыны" үшін өзбек боксшысы Турабек Хабибуллаевпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек 4:0 есебімен Хабибуллаевтың жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек барысында төреші үшінші раундта Төлемісовтен бір ұпай шегерді. Нәтижесінде Испанияда қазақстандық жас боксшылар екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды:

Элина Базарова (54 келі, қыздар) - алтын медаль

Бақыт Сейдіш (66 келі, қыздар) - алтын медаль

Нұрбек Мурсал (67 келі, ерлер) - күміс медаль

Дәулет Төлемісов (75 келі, ерлер) - күміс медаль

Гүлназ Бөрібаева (48 келі, қыздар) - күміс медаль

Әсем Танатар (63 келі, қыздар) - қола медаль

Әсел Тоқтасын (+81 келі, қыздар) - қола медаль

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу