Қазақстандық бұрымды боксшылар Азияны бағындырды

273

Елдос Сайдалин жаттықтыратын қыздар құрамасы шеберліктерімен дүйім жұртты тәнті етті. 

Қазақстандық бұрымды боксшылар Азияны бағындырды Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Шри-Ланка төрінде Қазақстан қыздар құрамасы U-22 Азия чемпионатында бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді. Бір емес, он екі алтын медаль! Иә, жаңылыс естіген жоқсыз. Біздің батыр қыздар әр салмақта қарсылас шақ келтірмей, тұтас құрлықты таңғалдырды.

Шаршы алаңда тайсалмай, тек алға ұмтылған қазақ бойжеткендерінің бұл жеңісі тәртіп пен табандылықтың, қажырлы еңбектің айқын көрінісі.

Жеңіс тұғырына көтерілген аруларымыз:

48 кг – Танкибаева Айым
50 кг – Биболсынқызы Сила
52 кг – Абдумажитова Рахмина
54 кг – Имантаева Жанель
57 кг – Турсынғали Ақнұр
60 кг – Касымхан Толғанай
63 кг – Кудайгенова Алина
66 кг – Есимбекова Ақбота
70 кг – Сидоренко Мария
75 кг – Толыбай Зарина
81 кг – Егiңбайқызы Құралай
+81 кг – Жақсылық Сабина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу