Қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте көш бастады

77

Ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте де 9 салмақ дәрежесінде отандық боксшылар бой көрсетті.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері әлемдік рейтингте көш бастады

World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Ерлер арасындағы әлемдік рейтингте Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай өз салмақтарында бірінші орында.

Әйелдер боксынан Аида Әбікеева мен Наталья Богданова өз салмақтарында көш бастап тұр.

Жаңартылған әлемдік рейтингте Қазақстанның боксшылары бірден тоғыз салмақ дәрежесі бойынша үздіктердің қатарынан табылды. Бұл – әлем елдерінің ішінде ең жоғары нәтижелердің бірі. Бұдан көп салмақта тек Өзбекстанның боксшылары бар. Олар олимпиадалық бокс бойынша дәстүрлі түрде көш басында тұр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу