Қазақстандық чемпион Азия біріншілігінде қарсыласын нокаутпен жеңді

285

Бүгін тағы бес қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. 

Қазақстандық чемпион Азия біріншілігінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Әділет Тортубек Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

60 келіге дейінгі салмақта (U-19) ширек финалда Әділет Қытай Тайбэйінен келген Ку Шен-Чимен кездесіп, алғашқы екі раундты өз пайдасына аяқтады.

Үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Тортубек жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медаль алады. 

Айта кетейік, биылғы жылы Әділет Тортубек Шри-Ланкада мамыр айында өткен IBA және ASBC ұйымдастырған 19 және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бүгінгі жарыс бағдарламасында қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер:

Күндізгі сессия 
70 кг. Ерлер. 1/4 финал — Бейбарыс Аширбай vs Баттумур Ньям-Очир (Моңғолия)

Кешкі сессия 15:00-де басталады
75 кг. Ерлер. 1/4 финал — Нұрсұлтан Шілдебай - Сангпак Такла (Тайланд) 

80 кг. Ерлер. 1/4 финал — Тимур Тайбеков vs Сапаргелді Нұрыягдиев (Түрікменстан)

85 кг. Ерлер. 1/4 финал — Нұрсұлтан Қыстаубай vs Азірет Автандилов (Қырғызстан). №11 жұп

90 кг. Ерлер. 1/4 финал — Расул Асанханов vs Арвин Шахбаейкутонаи (Иран)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу