Қазақстандық дербиде Елена Рыбакина жеңіске жетті

115

Miami Open 17-28 наурыз аралығында өтуде. 

Қазақстандық дербиде Елена Рыбакина жеңіске жетті Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кортта жолықты.

Кездесу барысында Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Елена турнирдің келесі кезеңіне өтті, ал Путинцева жарыс жолын аяқтады. Осылайша теннисшілердің жеке кездесулердегі есебі теңесті 2:2. 

Ертең 1/16 финалда Елена Марта Костюкпен жолығады. 

Miami Open 17-28 наурыз аралығында өтуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 831 450 долларды құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисшілер 1 151 380 доллар көлемінде сыйақыға ие болады.

Ал, Елена келесі кезеңге шыққаны үшін 61 865 доллар сыйақы мен 65 рейтигтік ұпай алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу