Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болды

107

Қазақстан дзюдодан Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болды Фото: olympic.kz

Жарыс бағдарламасының соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті. Финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиямен кездесті.

Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу