Қазақстандық дзюдошылар Макаодағы Азия кубогында 9 медаль жеңіп алды

211

Макаода өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы үш алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге ие болды.  

Қазақстандық дзюдошылар Макаодағы Азия кубогында 9 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді 60 келіге дейінгі салмақта Ерхан Мұрат, 66 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Исатаев және 90 келіге дейінгі салмақта Архат Өтеген иеленді.

Күміс жүлдеге 60 келіге дейінгі салмақта Абылай Алмабек, 78 келіден жоғары салмақта Айымзада Думанқызы және 90 келіге дейінгі салмақта Әлішер Слямжанова қол жеткізді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Жанаділ Абай, 70 келіге дейінгі салмақта Аниса Иботолла және 90 келіге дейінгі салмақта Али Тұрсынбек қола медаль тақты.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Макаодағы Азия кубогын тоғыз жүлдемен қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу