Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Гран-при кезеңінде 5 медаль жеңіп алды

184

Құрама қоржынында бір алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Гран-при кезеңінде 5 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасы бес медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әдия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды.

Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) пен Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.

Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесіне ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу