Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында алтын алды

142

Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков финалда жеңіске жетті.  

Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында алтын алды Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Қазақстандық балуандар Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Екеуі де грек-рим күресінен топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те барлық қарсыласынан басым түсті. Ол финалда әзірбайжандық Елмир Алиевті 13:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Айбек жартылай финалға жолдама алу үшін украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен ұтқан еді.

Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны жүлдеге таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей өкілін 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді ол алтын медаль үшін Иран балуаны Ясин Әли Яздиимен күреседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда жеңіліп, қола медаль үшін белдеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу