Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде U23 санатында Қазақстан құрамасының екі боксшысы шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақта Асылхан Көшербай 1/8 финалда Бутан өкілі Дечен Дорджимен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Төлебек Тәжікстан боксшысы Дамир Мубалихоновты төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Азия чемпионаты Джакарта қаласында 16 шілдеге дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу