Қазақстандық Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

990

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. 

Қазақстандық Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды. Ұлттық құрама қоржыны тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды. Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алған. Елизавета ол кезде 2-орыннан көрінген.

Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Тегерандағы чемпионат 19 ақпанда мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу