2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстандық ескек есушілер Азиадада қола жүлде иеленді

318

Қазақстандықтар 500 метрлік жарыста үшінші орын алды.  

Қазақстандық ескек есушілер Азиадада қола жүлде иеленді Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка мен каноэде есуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар төрттік байдаркамен 500 метр қашықтықтағы А финалында бақ сынады. Олар жарысты 1 минут 37,005 секундта аяқтап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді Қытай құрамасы 1:33,784 нәтижесімен жеңіп алса, күмісті Өзбекстан құрамасы (1:36,561) иеленді.

Қазақстан құрамасы сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу