Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатында алғашқы жүлделеріне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құрлық додасында қазақстандық спортшылар екі алтын медаль иеленді. Кирилл Тубаев байдаркамен есуден 3400 метр қашықтықта қарсыластарынан озып, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков каноэмен жарыста дәл осы қашықтықты үздік нәтиже көрсетіп өтіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Киотодағы Азия чемпионатын екі алтын жүлдемен бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу